Жәмилә Бақбергенова Ресейде өткен жарыста үздік деп танылды
Фото: Olimpic.kz Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Жәмилә Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен беделді халықаралық жарыс Иван Ярыгин кубогының жеңімпазы атанды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Отандасымыз бұл турнирде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде айқын басымдық танытты. Шешуші кезеңде Жәмилә Бақбергенова моңғолиялық Болртунгалаг Зоригтты жеңіп, алтын жүлдені иеленді. Ал…
