Қарағандыдағы турнирде 18 жастағы спортшы ауыр жарақат алып, комаға түсті
Фото: Видеодан алынған кадр Қарағандыда өткен жекпе-жек турнирінде 18 жастағы спортшы Арслан Атымтаев ауыр жарақат алып, комаға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жекпе-жек барысында басынан ауыр соққы алған, деп жазады inbusiness.kz cайты. Туыстарының айтуынша, қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданғанымен, жекпе-жек уақытында тоқтатылмаған. «Оқиға орнында жедел жәрдем көлігі болған жоқ, тіпті оны шақыруға да әрекет жасалмады. Зардап…
