BoxingScene: Геннадий Головкин әлемдік рейтингтен орын алды
Фото: sports.kz Авторитетті BoxingScene сайты XXI ғасырдағы орта салмақтағы ең үздік чемпиондардың өз рейтингін жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Топ-10 тізімін аңызға айналған америкалық боксшы Bernard Hopkins бастап тұр. Екінші орынға қазақстандық даңқты чемпион Геннадий Головкин жайғасты. Үздік үштікті аргентиналық бұрынғы чемпион Sergio Martinez түйіндеді.
