Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінен кейінгі жоспарларымен бөлісіп, қазір қайда тұратынын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
WTA баспасөз қызметіне сұхбат берген теннисші жеңістен кейінгі әсерімен және Дубайдағы өмірі туралы айтып берді.
«Әрине, мен өте бақыттымын және мақтан тұтамын. Матчтан кейін бірден командамызбен аздап тойлауға тырыстық. Алайда бәрі сәл қарбалас болды, келесі күні де шаруа көп еді. Содан кейін барлығы демалу үшін үйлеріне тарады. Ал мен жеңісті Дубайдағы үйімде атап өтпек болғанмын, бірақ суық тиіп қалды. Содан бір-екі күн ештеңе істемей үйде отыруға тура келді. Бірақ отбасыммен сөйлестім, олар да жақында келеді. Бұл өте жақсы нәтиже деп ойлаймын және осы қарқынды маусым соңына дейін сақтай аламын деп үміттенемін», — деді Рыбакина.
Еске салсақ, қаңтарда өткен Аустралия Ашық чемпионатының финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға есе жіберген еді. Теннисші 2018 жылы Ресей азаматтығын Қазақстанға ауыстырған болатын.
