Фото: ҚБФ
Қазақстан бокс федерациясында кадрлық өзгерістер орын алды. Мұхтархан Ділдәбеков федерациядағы қызметтік бағытын өзгертіп, ал оның орнына Қайрат Сәтжанов жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды.
Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов бұған дейін әр жылдары Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған тәжірибелі маман ретінде танымал. Енді ол федерация аясында жаттықтырушылар құрамының жұмысын үйлестіріп, дайындық үдерісін жоспарлау мен жүйелеуге жауап береді.
Ал 2024 жылдың ақпан айынан бері Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметін атқарып келген Мұхтархан Ділдәбеков бұдан былай отандық боксты дамытуға, сондай-ақ ішкі ұйымдастыру және үйлестіру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
