«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды…

Толық оқу

«Еркектің күші бар екені сезіледі»: Назым Қызайбай гендерлік дауға қалған боксшы қыздарға қатысты көзқарасын айтты

Париж Олимпиадасынан қола жүлдегер Назым Қызайбай тестостерон деңгейі жоғары деп күдікке ілінген боксшы қыздарға қатысты көзқарасын айтты.  Алжирлік Иман Хелиф пен тайландтық Лин Ютин Париж Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. 2023 жылғы әлем чемпионатында олар гендерлік сынақтан өтпегендіктен жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Осыған қатысты олар дауға қалды. «Бокс пен жекпе-жекте шашы қысқа, бұлшық еттері…

Толық оқу

«Финалда өзімді бақылай алмадым». Демеу Жадыраев жапон балуанымен күрестегі қателігін атады

Париж Олимпадасында грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанған Демеу Жадыраев өзінің қарсыластары туралы айтып, финалда жауапкершілікті қатты сезінгенін жеткізді. Sport+Qazaqstan арнасына берген сұхбатында жапон спортшысына қарсы дайындығы дұрыс болғанын атап өтті. «Финалда күресудің жауапкершілігі маған психологиялық тұрғыдан қатты сезілді. Белдесудің екінші бөлігінде кілемде жоқ секілді күйде болдым. Трибунада, тұғырда тұрған сәттерім елестей берді. Олимпиаданың мысы қатты басты….

Толық оқу

Бақтияр Артаев бас бапкерлікке жеке жаттықтырушысын ұсынды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерсіз қалды. Күні кеше федерация Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер штабын толығымен босатты. 2004 жылғы Афины Олимпиадасының бұл бос орынға чемпионы Бақтияр Артаев өз кандидатын ұсынды. «Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болуға Нұрлан Ақүрпеков лайық», — деп жазды Олимпиада чемпионы өзінің Instagram-парақшасында. Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың жеке жаттықтырушысы болған….

Толық оқу

Жанқош Тұраров екі бірдей чемпиондық атағын қорғамақ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров (28-0, 28 КО) келесі жекпе-жегін 28 қыркүйек күні өткізеді. Екі бірдей чемпиондық атағын қорғайтын бокс кеші Алматыда өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпаарат порталы.  Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бокс кешінде IBO және WBA Gold атағын сақтап қалу үшін жұдырықтасады. Қарсыласы әзірге белгісіз. Жаңқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсан айында…

Толық оқу
Яндекс.Метрика