Қазақ балуаны дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппонмен жеңді. Әлемдік рейтингінде бесінші орында тұрған отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы кезеңде Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), одан кейін ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым…
