Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Осыған дейін Берік Уәли Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарған болатын. 2024 жылдың 14 ақпанында Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Берік Уәли келді. Нұрлан Ұранхаев бұл лауазымды 2022 жылдың маусым айынан…
