Орталық референдум комиссиясы референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды

Фото: ОСК Орталық референдум комиссиясы референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. — Референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жалпы саны 12 млн 482 мың 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 млн 127 мың 192 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады, — деді комиссия…

Толық оқу

Тоқаевтың жеті жылы: реформа мен реалполитик арасындағы теңгерім

2019 жылдың көктемі Қазақстан тарихындағы ең күрделі әрі болжанбаған кезеңнің басы еді. Отыз жылдық бір адамдық биліктен кейінгі транзит – бұл жай ғана лауазым ауысуы емес, тұтас жүйенің «беріктігін» тексерген сын сағаты болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордаға келгенде, қоғам одан тек жаңа есімді емес, түбегейлі жаңа ережені талап етті. Бүгін, жеті жылдық межеге қарап отырып, біз…

Толық оқу

Командирдің өлімі: Жамбыл облысында жауынгер бастығын атып тастады

Фото: istockphoto.com Кеше, 15 наурызда 3-гвардия бекетінде жауынгер кездейсоқ мылтық атып, гвардия командиріне тиген, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат агенттігі. Екеуі де сарбаз емес, азаматтық қызметтегі әскери-тергеу департаментінің қызметкерлері болған. Жараланған адам әскери госпитальға жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Фото: zakon.kz

Толық оқу

Күй құдіреті: Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы рекорд орнатпақ

Наурыз мерекесін атап өту аясында Білім басқармасы «Домбыра үні» атты ауқымды акция ұйымдастырады. Қаланың 6-10 сынып оқушыларынан құралған 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнердің құдіретін паш етеді, деп жазады  QazaqToday.info ақпараттық порталы. Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасын дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және мәдени мұраны кеңінен…

Толық оқу

Жаңа Ата Заң: бүгін Қазақстанда жалпыұлттық референдум басталды

Бүгін, 15 наурызда Қазақстан халқы жаңа Ата Заң жобасы бойынша өз таңдауын жасайды. Бұл маңызды саяси науқан елдің болашақ құқықтық негізін айқындап, әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер етпек. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, ел бойынша 10 мыңнан астам учаске таңғы сағат 07:00-ден бастап есігін айқара ашты. Дауыс беру кешкі сағат…

Толық оқу
Яндекс.Метрика