Елордалық пауэрлифтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қосылды

Бүгін №7 БЖСМ пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Жас спортшылар Астана қаласының құрамасы жаттығатын Қалдаяқов көшесіндегі спорт залының аумағында сенбілік өткізді. Олар маңайдағы қоқысты тазалап қана қоймай, ағаш отырғызып, елорданы көгалдандыруға үлес қосты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Классикалық пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Егор Кузнецов осындай іс шаралардың маңыздылығын атап…

Толық оқу

«Елорда жастары»: Астана тұрғыны қалай баспаналы болды

Елордада жұмыс істейтін жастарды баспана алу мәселесінде қолдауға бағытталған «Елорда жастары» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Бағдарламаға қатысушылардың бірі Ерке Байғабылова мемлекеттің бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Ерке Астанада жұмыс істейді және бұрын жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін баспана бағдарламасына қатысып, бес жыл бойы мемлекет…

Толық оқу

Алматыда «Қазақстан» жаңа медиаорталығының құрылысы жүргізілуде

Алматыда «Қазақстан «РТРК» АҚ жаңа медиа орталығының құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының 60% орындалды. Құрылысты қаржыландыру 93,3% — ға Алматы қаласының бюджеті есебінен (22,2 млрд теңге) жүргізіледі. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Мемлекет басшысына 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығы кезеңіндегі есебінде айтылған. Алматы құрылыс басқармасының ақпаратына…

Толық оқу

Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

Фото: ҚР ТЖМ Орал қаласының Циолковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты,  деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.  Белгілі болғандай, 7 шаршы метр алаңда жеке заттар, қоқыс және ескі жиһаз өртенген. — Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Қалың түтіннің салдарынан жоғары қабаттардан қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 9 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, – делінген ақпаратта….

Толық оқу

Алматы волонтерлері ашық аспан астында отандық фильмдердің көрсетілімін бастады

Алматы қаласында көптен күткен «Ашық аспан астындағы кинокөрсетілім» жобасы өз жұмысын бастады. Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, қала волонтерлерінің бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба – қала тұрғындары мен жастарына жаз мезгілін қызықты әрі пайдалы өткізудің таптырмас мүмкіндігі. Ерекше форматтағы бұл жоба – қаладағы мәдени демалысты қолжетімді етіп қана қоймай, отандық киноиндустрияны насихаттау мен танымал етуге…

Толық оқу
Яндекс.Метрика