Алматы Наурызды қарсы алуға дайын: қалада мерекелік қарбалас күшейді

Алматы Наурыз мейрамын қарсы алуға дайын. Қала келбеті жаңарып, орталық көшелер мен алаңдарда тақырыптық инсталляциялар орнатылып, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген баннерлер мен сәндік элементтер пайда болуда. Сауда орталықтарының витриналары мен қоғамдық кеңістіктер біртұтас стильде безендіріліп, қала тұрғындарына мерекенің жақындағанын айқын сезіндіруде. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Мерекелік онкүндік мазмұнды әрі ауқымды іс-шаралармен басталды. Соның бірі…

Толық оқу

Күн сайын тікелей эфирде брифинг өткізетін ӨКҚ ұжымы Ұлттық киіммен ел алдына шықты

18 наурыз күні Қазақстанда ерекше мәнге ие мерекені — Ұлттық киім күнін атап өтеді. Бұл күн мәдени мұраға деген құрмет пен ұлттық құндылықты дәріптеудің айқын көрінісі, деп санайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұжымы бұл дәстүрді қолдап, жұмысқа ұлттық киіммен келді. Таңертеңнен бері кеңседе мерекелік…

Толық оқу

Ұлттық маңызы бар мереке: қолөнерді заманауи брендке айналдарыған қазақ қызының қайсарлығы

Қазақтың төл мәдениеті мен ұлттық қолөнері бүгінде тек мұражай жәдігері емес, заманауи өмірдің ажырамас бөлігіне айналып, жаңаша қарқынмен қайта түлеп келеді. Әсіресе, жыл басы – әз-Наурыз табалдырық аттаған сәтте, айналамыздан оюлы қазақы киім киген, ұлттық нақыштағы аксессуарлар таққан жандарды жиі көре бастаймыз. Бұл – халықтың өз тамырына, текті өнеріне деген сағынышы мен құрметінің айқын көрінісі….

Толық оқу

Жас домбырашылар Наурыз мейрамының құрметіне ұлттық рекорд орнатты

«Almaty Arena» мұз сарайында өткен «Домбыра үні» атты балалар флешмобы рекордпен аяқталды. Бүгін «Almaty Arena» мұз сарайы көктемнің әуезді ырғағымен мыңдаған бала жүрегін тоғыстырған бірегей мәдени оқиғаның орталығына айналды. Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған ауқымды жоба ұлттық рекорд орнатып, ел тарихына алтын әріппен жазылды, деп QazaqToday.info ақпараттық порталы. Бастаманың мақсаты – Наурыз мейрамы қарсаңында қала…

Толық оқу

Алматыда Шаңырақ күніне орай инклюзивті отбасылық эстафета өтті

17 наурыз Алматыдағы «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Шаңырақ күніне арналған «Әке, ана және мен – спортпен шұғылданатын отбасы» атты инклюзивті отбасылық эстафета өтті, QazaqToday.info ақпараттық порталы. Жарысқа инклюзивті санаттағы балалар мен олардың ата-аналарынан тұратын командалар қатысты. Қатысушылар «Баланс», «Допты бақылау», «Олимпиадалық шеңбер», «Пирамиданы жина» және «Балалар — өмірдің гүлі» сынды түрлі спорттық әрі ойын кезеңдерінде…

Толық оқу
Яндекс.Метрика