Алматы алғаш рет Gran Fondo әлем чемпионатын өткізеді
Алматы 24 тамызда алғаш рет әлемдік бұқаралық велоспорттың астанасына айналады. Дәл осы күні шаһарда әуесқой велоспорт күнтізбесіндегі ең беделді оқиғалардың бірі – Gran Fondo World Championship өтеді. Ұйымдастырушылар — Қазақстандық велосипед спорты федерациясы, Жетісу облысының велосипед спорты федерациясы, Алматы әкімдігі және Алматы қаласының велосипед спорты федерациясы. Алматыда түрлі елдерден 500-ден астам спортшы жиналады деп күтілуде….
