Бурабайды қара түтін басты: жұрт дем ала алмай қалған
Көкшетаудағы «Бурабай» маңын қалың қара түтін басып, тұрғындар шошып қалды. Қалада бірнеше жерден көрінген түтін жұртты алаңдатқан. Куәгерлердің айтуынша, ауада күйіктің иісі қатты сезілген. «Дем алу қиын, айнала түтінге толды», – дейді тұрғындар. Алғашында нақты не өртенгені белгісіз болған. Кейін белгілі болғандай, өрт жеке кәсіпорын аумағында шыққан. Мамандардың мәліметінше, қоқыс, оның ішінде автокөлік шиналары жанған….
