«Трамп Мадуроны ұрлады»: Ташкентте мас тұрғын полицияға шағым түсірді

Өзбекстан астанасы Ташкентте ер адам мас күйінде полицияға хабарласып, АҚШ президенті Дональд Трамптың үстінен арызданбақ болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ташкент қалалық ішкі істер басқармасына қоңырау шалған ол АҚШ президентін Венесуэла басшысы Николас Мадуроны «ұрлап кетті» деп айыптаған. Полиция қызметкерлері оған арыз жазу үшін жақын маңдағы бөлімшеге келуді ұсынған, бірақ ер адам сол күйі келмеген.

Кейіннен сот отырысында ол кінәсін мойындап, полицияға не үшін хабарласқанын есіне түсіре алмайтынын және ісінің салдарын ойламағанын түсіндірген.

«Мен полицияға не мақсатпен хабарласқанымды білмеймін, ісімнің соңы не болатынын да түсінбедім», — деді ол сотта.

Нәтижесінде сот оны «Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырту» бабы бойынша кінәлі деп танып, 100 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды.

Фото: x.com/whitehouse

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика