«Бізді ауаға лақтырып жіберді»: Таиландтағы пойыз апатынан 22 адам көз жұмды

Таиландта жолаушылар пойызының үстіне құрылыс краны құлап, 22 адам қаза тапты және 80-ге жуығы жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Елдің көлік министрі Пхипхат Ратчакитпракарнның мәлімдеуінше, апат кезінде пойызда 195 жолаушы болған. Оның айтуынша, қаза тапқандардың барлығы кран соққысы тиген екі вагонда отырған.

Пойыз қызметкері Тхирасак Вонгсунгнерн жергілікті Thairath Online басылымына апаттың қалай болғанын айтып берді.

«Пойыз сағатына шамамен 120 шақырым жылдамдықпен келе жатты. Кран құлаған сәтте мені де, басқа жолаушыларды да ауаға лақтырып жіберді», — деді ол.

Таиландта құрылыс алаңдарында қауіпсіздік стандарттары мен нормалардың сақталуына бақылаудың нашарлығынан мұндай қайғылы оқиғалар жиі болып тұрады.

Былтыр Бангкокта жер сілкінісінен кейін салынып жатқан көпқабатты ғимарат опырылып, 100-ден астам адам мерт болған еді. Бұл оқиға саладағы қордаланған мәселелерге қоғам назарын аударған болатын.

Фото: Getty images

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика