Ресей әскерінің Киевке жасаған жаппай шабуылынан кейін қала тұрғындары бірнеше тәуліктен бері жарықсыз, сусыз және жылусыз отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
9 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Киевке жүздеген дрон, «Калибр» қанатты зымырандары және баллистикалық зымырандармен соққы берді.
Соққы салдарынан Киев тұрғындарының басым бөлігі жарықтан, судан және жылудан ажыратылды. Тіпті метроның жер үстіндегі қызыл желісінде пойыздар қозғалысы тоқтатылған.
Елорда мэрі Виталий Кличко бұл соққы Киевтің аса маңызды инфрақұрылым нысандары үшін ең ауыры болғанын мәлімдеді. Ол қала тұрғындарын мүмкіндігінше қала сыртына, жарық пен жылудың балама көздері бар жерге уақытша көшуге шақырды.
Шабуылдан кейінгі төртінші тәулікте коммуналдық қызметтер электр, жылу және сумен жабдықтауды әлі толық қалпына келтіре алмады.
