«Барғысы келмейді»: Жазира Байырбекова Жанболатты көндіре алмай жүргенін айтты

Фото: видеодан скрин

Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде отбасылық өмір, реніш пен сабыр туралы ой қозғады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Өнер иесі демалыс мәселесіне тоқталып, тұрмыста кейде қалаған нәрсенің бәрі бірдей орындала бермейтінін астарлап жеткізді. Оның айтуынша, бір аптаға демалуға бару ұсынысы жолдасы тарапынан қолдау таппаған.

«Демалысқа бір аптаға барып келейік десем, Жанболат барғысы келмеді. Қызымды алып өзім барып келейін десем, бөлек жүріп үйренбегенбіз. Ренжейін десем, санамдағы “шүкіршілік”, “қанағат”, “тәубе” алға шығады. Оның үстіне, тұрмысқа шығарда шетелге қыдыртып тұрамын деп уәде берген емес», – деп жазды әнші.

Жазбасының соңында Жазира Байырбекова сабыр мен шыдамның отбасы үшін аса маңызды екенін еске салып, бұл құндылықтардың бүгінде сирек айтылатын тақырыпқа айналғанын меңзеді.

«Отбасы сабырмен, шыдамдылықпен сақталатыны соңғы кезде көп айтыла бермейтін болды», – деп түйіндеді ол.

Әнші жазбасын оқырмандарына «Сіздерде қалай?» деген сауал тастау арқылы аяқтады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика