Кентауда 1 қаңтарда дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Денесінің 90 пайызын күйік шалған жас жігіт ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Жаңа жыл түні көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласқан еді. Оқиға салдарынан 18 жастағы студент қыз сол жерде мерт болып, тағы төрт адам түрлі деңгейде жарақат алған болатын. Олардың екеуі дереу жансақтау бөліміне жатқызылған.
Жас жігіттің қайтыс болғанын жергілікті әкімдік растады. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
