Фото: Alex Pantling/UEFA/Getty Images
Мадридтің Реал Мадрид клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе «эль класико» алдындағы жарақатынан толықтай айығып, алаңға оралуға дайын. Француз форварды Испания Суперкубогының жартылай финалындағы ойынды өткізіп алған болатын. Сол кездесуде «корольдік клуб» Атлетико Мадридті 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Дербиден кейін бас бапкер Хаби Алонсо жұлдызды ойыншының жақын арада команда сапына қосылатынын хабарлады.
«Мбаппе ертең ұшып келеді. Өзін жақсы сезінеді және Барселонаға қарсы матчқа дайын», — деді Алонсо баспасөз мәслихатында.
Испания Суперкубогының финалы жексенбі, 11 қаңтарда өтеді. Турнир ойындары Сауд Арабиясы аумағында ұйымдастырылып жатыр. Айта кетейік, Мбаппе тізе жарақатына байланысты «Реалдың» соңғы екі кездесуін өткізіп алған еді.
