«Көз тимесін, әкесіне ұқсайды»: Алтынай Жорабаева екінші күйеуінен туған қызын көрсетті (ФОТО)

Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында кенже қызының туған күніне арналған әсерлі жазбасын бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Өнер иесі отбасы үшін маңызды күнді атап өтіп, бүлдіршініне жүрекжарды аналық тілегін арнаған. Әншінің айтуынша, қызы Амина Алишерқызы биыл екі жасқа толған.

«Амина Әлішерқызы – 2 жаста. Аллаға шүкір. Алланың сүйікті құлдарының бірі бол, құлыным. Денің сау, ғұмырың ұзақ болып, екі дүниеде де бақ пен абырой бұйырсын», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жарияланған видеоны жылы қабылдап, кішкентай Аминаның әкесіне қатты ұқсайтынын жарыса жазды. Пікірлерде «Әкесінің айнымас көшірмесі», «Жүзі нұрлы, тәрбиелі отбасының баласы екені байқалады», «Өмір жасы ұзақ болсын», «Бақытты отбасы, көз тимесін» деген ізгі тілектер көптеп қалдырылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика