Арықтататын инъекцияны тоқтатқандар салмақты диетадағылардан 4 есе жылдам қайта қосады

British Medical Journal журналында жарияланған дерекке сүйенсек, артық салмағы бар адамдар арықтататын инъекция қолданғанда дене салмағының шамамен бестен бір бөлігін тастай алады. Бірақ емді тоқтатқан соң салмақ қайта жылдам жиналады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Зерттеу мәліметі бойынша, инъекцияны доғарғандар орта есеппен айына 0,8 келі қосады. Осы қарқын сақталса, шамамен бір жарым жылда олар бастапқы салмағына қайта келеді.

«Бұл дәрілерді сатып алатын адамдар ем аяқталғаннан кейін салмақтың тез қайту қаупін ескергені дұрыс», – деп ескертті Оксфорд университетінің зерттеушісі Сьюзан Джебб.

Джебб бұл қорытындылар медициналық сынақтардың нәтижесіне негізделгенін, яғни күнделікті өмірдегі нақты бақылаулар емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа арықтататын инъекциялардың ұзақ мерзімдегі әсерін тереңірек бағалау үшін қосымша зерттеу керек.

Толығырақ бастапқы материалдан оқуға болады: https://bbc.in/4pyd8eH

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика