Бүгін Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы бойынша нақты шешім шығады

Фото: Жәнібек Әлімханұлының Instagram-дағы парақшасынан

Бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допингке қатысты ісі бойынша түпкілікті шешім жариялануы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Осыған байланысты мамандар В сынамасын тексеріп, сараптама нәтижесін ресми түрде мәлімдейді. Аталған сынама барысында спортшының тыйым салынған препарат қолданғаны расталса, оның кәсіби мансабына қатысты маңызды мәселелер туындауы ықтимал. Ал егер күдік дәлелін таппаса, боксшы мансабын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы желтоқсан айына жоспарланған жекпе-жек алдында тапсырған допинг тестінен өте алмаған болатын.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика