Мария Корина Мачадо — Венесуэлада оппозиция жетекшісі ретінде танымал саясаткер — АҚШ президенті Дональд Трампқа өзінің 2025 жылы алған Нобель бейбітшілік сыйлығын беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мачадоның айтуынша, бұл марапат жеке тұлғаға емес, Венесуэла халқына арналған. Сондықтан ол бұл құрметті Трамппен бөлісу орынды деп есептейді. Оның пікірінше, АҚШ-пен ынтымақтастық елдің демократиялық болашағы үшін маңызды.
«Халықтың көбі 3 қаңтар күні оның қолынан ондай іс келеді деп ойламады», – деді Мачадо.
Оппозиция жетекшісі жуырда отанына оралуды жоспарлап отыр. Ол өз елінің социалистік жүйеден бас тартып, демократиялық жолға түскенін қалайды.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп Мачадоға деген қолдауды бәсеңдеткен еді. АҚШ операциясынан кейін журналистерге мәлімдеме жасаған ол Венесуэладағы оппозиция жетекшісінің көшбасшылық қабілетіне күмән келтірді.
«Мачадо Венесуэла басшысы бола алмайды: ол көшбасшы болуға лайық емес, жай ғана сүйкімді әйел», – деген еді Трамп.
Мария Корина Мачадо 2025 жылғы қазан айында Нобель бейбітшілік сыйлығын алған болатын. Ол бұл марапатқа Венесуэлада диктатурадан демократияға бейбіт жолмен өтуді қолдағаны үшін ие болды. Сол жылы номинанттардың қатарында Дональд Трамп та болған, бірақ Нобель комитеті оның саясатын «халықаралық тәртіпке қауіп төндіреді» деп бағалаған.
Фото: инстаграм Марии Корины Мачадо
