Бірнеше күнге созылған техникалық ақауға байланысты «Отбасы банк» клиенттерге ипотекалық төлемдерді жасау мерзімін 2024 жылғы 7 қаңтар кешкі 20:00-ге дейін кейінге шегерді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Банк өкілдерінің хабарлауынша, техникалық қиындықтар салдарынан 1–6 қаңтар аралығында жоспарланған төлемдерді жүзеге асыра алмаған клиенттер енді ешқандай айыппұлсыз немесе өсімпұлсыз 7 қаңтарға дейін төлем жасай алады.
«Егер сіздің ипотекалық төлеміңіз 1, 2, 3, 4, 5 немесе 6 қаңтарға белгіленген болса, уайымдамаңыз. Төлем жасауға 7 қаңтар сағат 20:00-ге дейін рұқсат берілді. Ешқандай өсімпұл мен айыппұл салынбайды», – делінген банктің хабарламасында.
Қазіргі кезде банк қосымшасы толық қалыпқа келтіріліп, барлық функциялар қайта іске қосылғаны хабарланды.
Фото: Әлеуметтік желіден
