6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: Елдің солтүстігі мен шығысында боран соғады

Фото: pexels.com

Алдағы сенбі, 6 қаңтар күні еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде. Қазгидрометтің алдын ала мәліметі бойынша, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Астана мен солтүстік өңірлерде жел күшейеді

Астанада ауа райы бұлтты болады. Қар жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 20-23 м/с дейін жетеді. Түнде -9…-11°C, күндіз -2…-4°C.

Қарағандыда да қар күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Температура түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.

Жезқазғанда ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз. Аспан бұлтты. Жел баяу – 5-10 м/с. Түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C аралығында суытады.

Оңтүстік пен батыс өңірлерде күн ашық, жауын-шашынсыз

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Көбіне бұлтты болады. Жел — 2-7 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +2…+4°C.

Шымкентте де күн ашық. Жауын-шашын болжанбайды. Жел — 5-10 м/с. Түнгі температура -2…-4°C, күндіз +3…+5°C.

Ақтауда жауын-шашынсыз. Аспан бұлтты, жел 7-12 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C.

Атырау мен Ақтөбеде де ауа райы жауын-шашынсыз. Атырауда: -2°C шамасында. Ақтөбеде түнде және күндіз -2°C шамасында сақталады. Жел кей жерлерде 20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика