Отбасы банктің сервистері уақытша тоқтады: Банк техникалық ақауды қалыпқа келтіре алмай отыр

Фото: pexels.com

Қазақстандағы «Отбасы банк» клиенттеріне бірқатар қызметтер уақытша қолжетімсіз болып қалды. Техникалық жұмыстар жоспарланғанымен, белгісіз себептермен созылып кеткен.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Банк мәліметінше, уақытша шектеу салдарынан бөлімшелерде, мобильді қосымшасында және «Баспана маркет» платформасында операциялар жүргізу мүмкін болмай тұр. Сондай-ақ, байланыс орталығы да қызмет көрсетпейді.

«Өкінішке қарай, барлық арналарда қызмет уақытша тоқтап тұр. Мамандарымыз жүйені қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қызметтерді жақын уақытта қайта іске қосуға тырысамыз», – деп жазылған банктің хабарламасында.

Олардың айтуынша, техникалық жұмыс бастапқыда жоспарланғанымен, күтілгеннен де ұзағыраққа созылған. Алайда қай кезде толық аяқталатыны әзірге белгісіз.

Мамандар барлық жүйені қалпына келтіруге тырысуда

Отбасы банк қазіргі уақытта жағдайды реттеумен айналысып жатқанын, клиенттерге көрсетілетін қызметтердің барлығын тезірек қалпына келтіруге күш салатынын жеткізді.

Қызмет уақытша тоқтағаны үшін банк барлық клиенттерінен кешірім сұрады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика