Кәсіпкерлер үшін маңызды: НДС-тан арнайы салық режиміне ауысудың тәртібі түсіндірілді

Фото: pexels.com

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге НДС (ҚҚС) бойынша жалпыға ортақ режимнен арнайы салық режиміне (АСР) ауысу ережелеріне байланысты түсініктеме берді.

Бұл өзгеріс шағын және орта бизнес өкілдеріне қатысты және ауысу процесі барысында қандай құжаттар тапсыру қажет, тауар қалдықтарына қалай салық салынады – соның бәрі нақтылауда.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа Салық кодексінің 103-бабына сай, салық төлеуші арнайы режимге ауысқанда немесе қызметін тоқтатқанда ғана НДС бойынша есептен шығарылады.

АСР-ге ауысу кезінде салық төлеуші жаңа режимге өту туралы хабарламамен бірге НДС бойынша жою декларациясын тапсыруы керек.

НДС-тен шығу күні қалай анықталады?

Жалпыға ортақ салық режимін қолданған кәсіпкерлер үшін есептен шығу күні – арнайы режимге өту туралы хабарлама жолданған күн болып саналады.

Мысалы, егер хабарлама 2026 жылдың 5 қаңтарында берілсе, сол күннен бастап НДС бойынша есептен шығару жүргізіледі және 2026 жылдың 1 тоқсанына арналған жою декларациясы тапсырылады.

Салық төлеушінің тауар қалдықтары бойынша бұрын есепке алынған НДС салық салынатын айналым ретінде қарастырылады.

Айналым тауардың баланстық құны негізінде есептеледі (құнсыздану не қайта бағалаусыз).

Кәсіпкерлерге қандай ставка қолданылады?

Салық ставкасы НДС бойынша есептен шығаруға дейінгі күнге қолданыста болған мөлшерге негізделеді.

Тауар қалдықтарына қатысты салық тіркеу құжаты (205-бап) – есептен шығарылатын күннің алдындағы күнге дейін толтырылады.

Айналым уақыты мен салық ставкасы арнайы режимді қолдану басталған күнге тікелей байланысты екенін ескеру маңызды.

2026 жылға дейін арнайы режим қолданғандар не істейді?

2026 жылдан бастап кейбір ескі арнайы режимдер күшін жойғандықтан (фермерлік шаруашылықтардан басқа), ауысуға байланысты арнайы талаптар енгізілген.

Кәсіпкерлер 2026 жылдың 1 наурызына дейін жаңа АСР-ге өту туралы хабарлама беріп, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыса алады.

Бұл жағдайда НДС-тен есептен шығу – 2026 жылдың 1 қаңтарынан, ал жою декларациясы – 2025 жылдың 4-тоқсаны үшін тапсырылады.

Тауар қалдықтары 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есептеліп, 12% ставкамен салық салынады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика