2026 жылдан бастап Қазақстанда боқауыз бен қоқыс тастағандарға салынатын айыппұл көбейді

Фото: pexels.com

2026 жылдан бастап елімізде қоғамдық тәртіпті бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі артты. Бұл – ай сайын есептелетін көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің көтерілуімен тікелей байланысты.

Осы өзгеріс тұрғындарға қатысты айыппұлдар мен төлемдердің бірқатарына әсер етеді. Әсіресе қоғамдық мәдениет пен тазалық ережелерін бұзатын азаматтар үшін салдар айтарлықтай болады.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қоғамдық жерде боқауыз айтсаңыз немесе ішімдікті ішсеңіз, қанша төлейсіз?

2026 жылы АЕК 4325 теңгеге дейін өскен. Бұған дейін 2025 жылы бұл көрсеткіш 3932 теңге болған еді. Осыған сәйкес, қазір боқауыз айтқандар үшін ең төменгі айыппұл — 86 500 теңге (20 АЕК).

Қоғамдық орында ішімдік ішкен не мас күйде жүрген жағдайда бірінші рет айыппұл 21 625 теңге (5 АЕК), ал жыл ішінде қайталанса — 43 250 теңге (10 АЕК) болады.

Қоқыс тастау мен вандализм үшін жауапкершілік қандай?

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін айыппұлдар да өзгерді:

  • бірінші рет — 43 250 теңге (10 АЕК);
  • жыл ішінде қайталап жасалса — 86 500 теңге (20 АЕК).

Егер вандализм әрекеті анықталса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік. Айыппұл сомасы да бірнеше есеге өседі:

  • ең төменгі шегі — 432 500 теңгеден 865 000 теңгеге дейін (100–200 АЕК);
  • қылмысты ауырлататын жағдайда — 2,1 млн-нан 8,6 млн теңгеге дейін (500–2000 АЕК).

Кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда ата-анасынан немесе қамқоршыдан айыппұл алынады — 64 875 теңге (15 АЕК).

Ал ұсақ бұзақылық үшін — мысалы, қоғамдық мүлікті бүлдірсе немесе көліктегі заттарды ластаған жағдайда — 216 250 теңге көлемінде (50 АЕК) айыппұл қарастырылған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика