Фото: Pixabay
2025 жылдың 31 желтоқсанында сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Сауда нәтижесіне сәйкес, АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 505,53 теңге болып, алдыңғы көрсеткіштен 3,02 теңгеге өсті. Ал Ресей рублімен операциялар бұл күні жүргізілген жоқ. Қытай юанінің таңғы саудадағы бағамы 72,12 теңгені құрап, 0,09 теңгеге қымбаттады. Айырбастау орындарында доллар 510,4–515,8 теңге аралығында сатылып алынса, еуро 591,9–601,9 теңге, рубль 6,14–6,41 теңге деңгейінде саудаланды. 31 желтоқсанда әлемдік мұнай нарығында да төмендеу байқалды. Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерстері 0,3 пайызға арзандап, бір баррель үшін 61,16 АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ ақпан айында жеткізілетін WTI мұнайының бағасы 0,3 пайызға төмендеп, баррелі 57,79 долларға дейін түсті.
Айта кетейік, осы күні таңертең Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 502,57 теңге, еуроны 591,68 теңге, ал рубльді 6,42 теңге деңгейінде бекіткен болатын.
