Фото: oxu.az
Түркияда ауа райының күрт нашарлауына байланысты әуе компаниясы бүгінге жоспарланған ішкі 61 рейсті тоқтатады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Елдің шығыс және орталық өңірлеріндегі бірнеше қала қалың қардың астында қалды. Түркияның үлкен бөлігінде өткен аптадан бері Ресей мен Исландия аймақтарынан жеткен суық ауа массасының әсерінен аяз күшейіп отыр.
Метеорология бас басқармасы сәрсенбі күні сары деңгейлі ескерту жариялағанын мәлімдеді.
Сонымен бірге AJET әуе компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты 31 желтоқсанға жоспарланған 42 рейсті кейінге шегерді.
