Спорт министрі Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына пікір білдірді

Фото:Stan.kz collage

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

“Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек қарсаңында осындай жағдай орын алды. Алайда екінші сынама ашылады бұл 8 қаңтарда болады. Жәнібектің командасы да, біз де екінші сынаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Ақпаратты содан кейін жариялаймыз», – деді Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс болған. Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, кездесу өтпей қалды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика