«Аңыз ағамен қоштасқым келмейді»: Мақпал Жүнісова Асанәлі Әшімовті жоқтады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Мақпал Жүнісова қазақ өнерінің аңызы, актер Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты терең күйзеліс білдіріп, көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.

«Ағамыздан айырылып қалдық… Нар кескінді, адамгершілігі мен адалдығын қатар алып жүрген тұлға еді. Аңыз адаммен қоштасу ауыр, бірақ амал қанша… Иманы саламат болсын, асыл аға. Өзіңізді құрметтеген еліңізге қайғыра көңіл айтамын. Отбасыңызға сабыр берсін», – деп жазды ол.

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова Асанәлі Әшімовтен бірнеше рет бата алғанын атап өтіп, қайталанбас тұлғаның қазақ халқы үшін орны бөлек екенін айтты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика