Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай бесінші перзентін дүниеге әкелді. Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, босану сәті қалай өткенін егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Блогердің айтуынша, бәрі түн ортасында басталған.
«Түнгі сағат екі шамасында ішім ауырды. Әуелде толғақ бәсеңдер деп ойладым, бірақ керісінше жиілей берді. Жуыніп, керек заттарымды дайындағанша таңға жақындап қалды», – деп жазады ол.
Ырысбала перзентханаға барарда отбасын әдейі мазаламағанын айтады.
«Үйдегілерді оятқым келмеді. Такси шақырып, өзім перзентханаға келдім. Алдын ала хабар берген соң, клиника қызметкерлері қарсы алып, палатаға орналастырды. Дәрігер түске дейін босануыңыз мүмкін деді. Бірақ мен бесінші балам болғандықтан тез босанатынымды айтып, келісілген дәрігерімді шақырттым», – дейді блогер.
Айтуынша, келісілген дәрігері келіп, жанында болып, толғақты жеңілдету жолдарын да ұсынған.
«Дәрігерім толғақ ауырсынуын азайту үшін ваннаға жатып демалуға болатынын айтты. Ақыры 08:15-те өмірге сүйкімді ханшайым келді. Бәрі сәтті өтті», – деп қуанышымен бөлісті ол.
Ырысбала нәрестенің есімі де жария етті.
«Таңертең үйдегілер тұрып, мені таппай қалған. Кейін клиникаға хабарласып, өзіме жетті. Әкесі қызымызға Романқызы Карина деген есім берді. Бірақ түрі дәл “Ырысбала” деген атқа сұранып тұр», – деп әзілдеді блогер.
