Атыраудағы пәтерде екі еркектің жігітті аяусыз соққыға жыққан видео тарады

Фото: видеодан скрин

Атырауда пәтер ішінде болған соққыға жығу дерегі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба интернетке тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Видеодан екі ер адамның бір жігітті бірнеше мәрте ұрып-соғып, тепкілеп, үстіне секіріп жатқанын анық көруге болады. Жазба жергілікті блогердің парақшасында жарияланған. Айтуынша, видеоны оған белгісіз қыз жіберген.

Блогер бұл жағдайды халық арасында “аю тұзағы” деп аталатын алаяқтық схемасына ұқсатады. Оның сөзінше, күдіктілер жігітті пәтерде жасөспірім қарындасымен бірге ұстап алып, бірден ақша талап еткен. Ал жәбірленуші ақша беруден бас тартқан соң, оны аяусыз ұрып-соққан.

Алайда видеоны жолдаған қыздың бұл іске қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз. Ол өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтып, нақты ақпарат беруден бас тартқан.

Құзырлы органдар аталған дерекке қатысты пікір білдірген жоқ. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатқаны-жатпағаны да әзірге белгісіз.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика