Фото: Pixabay
Астана – Петропавл бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жеті адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілд, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат 14 желтоқсан күні трассаның 292-шақырымында болған. Honda және Chevrolet Niva маркалы екі автокөлік соқтығысқан.
Оқиға салдарынан екі жүргізуші, Chevrolet Niva көлігінде болған екі кәмелетке толмаған жолаушы, сондай-ақ Honda автокөлігінің үш жолаушысы зардап шеккен. Барлығы дәрігерлердің бақылауына алынған.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
