Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді •

    АҚШ-тың«Томагавк» зымырандарын Украинаға беруден бас тартуындағы саясатының сыры

    АҚШ-тың«Томагавк» зымырандарын Украинаға беруден бас тартуындағы саясатының сыры

    Сарапшының айтуынша, АҚШ-тың Украинаға «Томагавк» зымырандарын бермеу шешімі — елдің әскери емес, саяси есебі бар қадам.

    «Америка Құрама Штаттары қолындағы “күшті карталарды” жағдайға қарай тиімді пайдалануда. Қажет болса, белгілі бір сәтте сол картаны “жүріп”, қажет жағдайда ұстап қалуы мүмкін. Томагавктарды беру соғысты жаңа деңгейге шығарып, қақтығыстың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал», — дейді Жекенов.

    Оның сөзінше, Ресей бұл қадамды АҚШ-тың соғысқа тікелей араласуы ретінде қабылдауы мүмкін.

    «Ресей жағы мұндай әрекетті ашық соғысқа тең деп бағалайды. Сондықтан АҚШ бұл бағытта аса сақ қимылдап отыр. Президенттің басты мақсаты — қақтығысты тоқтату емес, оны өз саяси имиджі үшін тиімді пайдалану», — дейді сарапшы.

    Думан Жекенов Дональд Трамптың сыртқы саясаттағы ұстанымына да тоқталды. Оның айтуынша, Трамптың шынайы мақсаты — бейбітшілік орнату емес, өзін «қақтығыстарды тоқтата алатын лидер» ретінде көрсету.

    «Трамптың басты назары — жеке саяси беделінде. Украинадағы жағдай, басып алынған аумақтардың тағдыры немесе қираған қалалардың қалпына келуі оған екінші орында. Бұған дейін де ол Зеленскиймен кездесуінде және Ресеймен байланыстарында ультиматумдық риторика қолданған болатын», — деп атап өтті профессор.

    Сарапшының пікірінше, Батыс елдері де соғыстың тез аяқталуын қаламайды.

    «Батыс Еуропа елдері қақтығыстың баяу, бірақ ұзаққа созылғанын жөн көреді. Себебі соғыс неғұрлым созылса, Ресей соғұрлым әлсірейді. Сондықтан көмек көлемі де шектеулі — олар соғысты тоқтататындай емес, жалғаса беретіндей деңгейде қолдау көрсетіп отыр», — деді Думан Жекенов.

    Маманның пікірінше, сырт көзге АҚШ президенті бейбітшілікке ұмтылып жатқандай көрінгенімен, іс жүзінде Батыс елдері бұл соғыстың ұзақ мерзімді перспективада өздеріне тиімді болуын көздеп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →