Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    22 мыңнан 1 млн теңгеге дейін: Блогер тойындағы беташардан қанша жиналғанын көрсетті (ВИДЕО)

    22 мыңнан 1 млн теңгеге дейін: Блогер тойындағы беташардан қанша жиналғанын көрсетті (ВИДЕО)

    Арчи лақап атымен танымал 28 жастағы блогер Артур Асқарұлы мен оның қалыңдығы Замира Саидова өткен демалыста дүркіретіп тойын өткізді. Жас жұбайлардың тойын тікелей эфирден 50 мыңнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Артур мен Замираның тойы тікелей эфирде тегін өтті. Тойда Роза Рымбаева, “МузАРТ”, “Дос Мұқасан” сияқты қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетті.

    Блогер өзінің Instagram парақшасында беташар рәсімінен видео жариялады. Қонақтар беташар кезінде 22 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін ақша салған.

    “Көп ақшаны” қоспағанда 3 012 000 теңге түсіпті, ағайын”, “Арман мен Талғат 20 мың теңгеден шығарды ма?”, “Осындай достарым болса, арманым жоқ”, “Мына беташардан кейін салық  комитеті халық бай екен деп ойлайды”, “Осындай қонақтарды қайтан тапсам болады”, – деп жазды желі қолданушылар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →