Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады

    Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін ауыстырды

    Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін ауыстырды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Мемлекет басшысының жарлығымен Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елші Еркебұлан Сәпиев Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

    Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

    Барлыбай Кәрімұлы Садықов еліміздің Кения республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Сондай-ақ ол Қазақстанның Эфиопия Федеративтік Демократиялық республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

    Жалғас Жұмаұлы Әділбаев еліміздің Эфиопия Федеративтік Демократиялық республикасындағы Төтенше және Өкілетті елші лауазымына тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →