Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 3 сәуірге сағат 10:00-ге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Qazaq.today  Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ.

Осыған байланысты ҚР ҚІЖК-нің 157 және 335-баптарына сәйкес сот С.Құдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды», — делінген Жетісу облыстық сотының хабарламасында.

Айта кетейік, былтыр мамыр айында Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» ретінде Қылмыстық кодексінің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша жүргізілді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика