Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды •

    Түркістан тұрғынынан мың таблетка «Трамадол» тәркіленді

    Түркістан облысының тұрғынынан құрамында есірткісі бар «Трамадол» препаратының 1 мыңнан астам таблеткасы тәркіленді, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

    Жедел шаралар барысында күдікті сатуға тыйым салынған дәріні Сарыағаш ауданының тұрғынынан алғаны анықталды.

    Шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізген жедел уәкілдер Сарыағаш ауданының тұрғынын да анықтап, тыйым салынған препаратты сату кезінде қолға түсірді. Тәртіп сақшылары оның қалтасынан «Трамадолдың» 3 пластинасын тапты (әрқайсысында 10 таблетка). Тәркіленген дәрілік препараттың жалпы саны 1 мыңнан астам таблетканы құрады.

    «Жинақталған материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы «Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ережелерді бұзу» бойынша тіркеліп, тиісті шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне тапсырылды» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →