Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 450,5 522,6 5,37
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көкшетауда зейнеткер 300 трамадол таблеткасын сатып алғаны үшін сотталды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Көкшетауда зейнеткер 300 трамадол таблеткасын сатып алғаны үшін сотталды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді

    Утильалым мөлшері: бұрын және қазір

    Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр утилизациялық алымның мөлшері 50 пайызға азаятынын мәлім еткені белгілі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Жалпы, Қазақстанда бес жылдан бері  автокөлік өндіретін компаниялар, ресми түрде көлік импорттайтын компаниялар мен  елге шетелден көлік әкелгісі келетін жеке тұлғалар утилизациялық алым төлеуге міндеттелген.

    Утильалымның көлемі 50 айлық есептік көрсеткішке теңестіріліп, сәйкесінше, АЕК өзгергенде, оның көлемі де ауысып отыратын. Және утильалымнан түскен қаражаттың бәрі 2022 жылдың қаңтарына дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға түсіп тұрған. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай бұл жекеменшік компания жойылып, оның функциясы «Жасыл даму» АҚ-ға берілген.

    Роман Скляр бүкіл келіссөздерден кейін Үкімет утильалымды толықтай жоя алмайтынын, сондықтан, оны 50 пайызға арзандатып отырғанын мәлім етті.

    Айта кетейік, утильалымға қарсы белсенділер бірнеше ұсыныс айтқан:

    • Біріншіден, ауыл шаруашылығы техникалары мен жүк көліктерінен утильалым мүлде алынбауы керек.
    • Екіншіден, жеңіл автокөліктерден алынатын утильалым 10 мың теңгеден аспауы керек.
    • Үшіншіден, техникалық регламент жойылсын.
    • Төртіншіден, алғашқы тіркеу құны 100.000 теңгеден аспауы керек

    Дегенмен, бүгінгі өзгеріске қарамастан, ең арзан утильалымның көлемі 200 мыңнан басталып отыр. Azattyq Rýhy утилизациялық алым бұрын қандай көлемде болғанын және Үкіметтің бүгінгі 50 пайыз «жеңілдігінен» кейін қалай өзгеретінін ұсынады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →