Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады •

    Қызылорда облысының  экс-әкімі мезгілінен бұрын бостандыққа шықты 

    7 жылға сотталып кеткен Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты. Ол Қызылорда қалалық  №2 сотының үкімімен осыдан екі жыл бұрын сотталып кеткен еді. Ысқақов ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасына тағайындалған, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленген. Алайда экс-әкімнің жазасы жеңілдеп, түрмеден үйіне оралды.

    «Үкім Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық  істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жаза тағайындау бөлігі өзгертіліп, бас бостандығынан айыру жазасы 6 жыл мерзімге дейін төмендетілген. Соттан Қ.Д.Ысқақов өтінішхатын қуаттап, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен, яғни айыппұл түріне немесе бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұраған», — делінген хабарламада.

    Сотта «ЗК-169/5 мекемесі» РММ-нің өкілі сотталған Ысқақовқа жақсы мінездеме берген. Түрме әкімшілігі Ысқақовтың өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхатына қарсы емес екендіктерін көрсеткен.

    «ҚК-нің 73-бабы 1-бөлігіне сай онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін.

    Осы негізбен сотталған Қ.Д.Ысқақов жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхаты қанағаттандырылып, жазасының өтелмеген бөлігі 3 жыл 11 ай 12 күн мерзімі, жазаның қосымша түрін өтеуден босатусыз, жазаның неғұрлым жеңіл түрі бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылды», — деді Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →