Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды •

    Қазақстандағы коронавирустың жаңа толқыны несімен ерекше? Дәрігер түсіндірді

    Коронавирус биыл жазда жеңіл әрі тез өтіп жатыр. Алайда бір сорақысы — оның тез жұғуында. Бұл туралы Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Утағанова айтты, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

    Дәрігердің сөзінше, ковидке қарсы стратегия және вакцинация секілді алдын алу шарасы — COVID-19-ды жеңудің негізгі жолы. Оның сөзінше, биыл жазда коронавирус жұқтырудан қорқудың қажеті жоқ.

    Коронавирус мутацияланған кезінде өкпе тініне ену қабілетінен ажыраған, омикрон штамы көбіне жоғарғы тыныс жолдарына әсер етіп, аурудың ауыр ағымын тудырмайды.

    «Салыстырмалы түрде былтырғы және биылғы жаздағы жағдайды айтайық. Қазір тарап жатқаны омикрон. Ауру әлдеқайда жеңіл өтеді. Иә, былтырмен салыстырғанда биыл дене қызуы қаттырақ көтеріледі.

    Жедел респираторлық вирустық инфекция ретінде дамиды. Өкпе зақымдануы өте сирек жағдайларда байқалады. Инкубациялық кезең қысқарған, ауру жұқтыру көбейген, бірақ аурудың өту уақыты жеті күнге дейін азайды. Бүгінде көбіне амбулаторлық деңгейде, яғни үйде емделіп жатыр», — деп түсіндірді дәрігер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →