Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді Мұнай бағасы төртінші күн қатарынан қымбаттап жатыр «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді Мұнай бағасы төртінші күн қатарынан қымбаттап жатыр «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды

    «Мұғалімге таптырмас көмек»: ЖОО оқытушылары алғаш рет электронды атлас шығарды

    Абай атындағы Қазақ ұлттық пегагогикалық университетінің оқытушылары электронды атлас әзірледі, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.   «Омыртқалылар зоологиясы» пәні бойынша болашақ биология мұғалімдері үшін алғаш рет жасалған электронды атлас болып табылады.  Электрондық ресурстың мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде «Омыртқалылар зоологиясы» курсын оқытуда компьютерлік технологияларды пайдалану.

    «Омыртқалылар зоологиясы» бойынша электронды атласты қазақ және орыс тілдерінде Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының оқытушылары К.И. Батырова, М.Б. Жақсыбаев, А.Д. Майматаева, Д.У. Сексенова әзірледі. Бұл интерактивті атлас хордалылардың (омыртқалылардың) сыртқы және ішкі құрылысының негізгі ерекшеліктерін танып-білуге мүмкіндік беретін инновациялық оқу құралы; ол оқу материалдарын игеруді жеңілдетеді және студенттердің жануарлар әлемі туралы біртұтас дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді», — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі. 

    Оқытуда жаңа технологияларды қолдану көрнекілікті арттырады, материалды қабылдауды жеңілдетеді. Бұл студенттердің ғылыми зерттеулерге деген ынтасын арттыруға және оқу процесінің жалпы тиімділігіне жақсы әсер етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →