Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды •

    Алматы облысында ассамблея жастарының I республикалық слеті басталды

    Алматы облысында «Жаңа Қазақстан: тарих бірлігі, дәстүрлер мен мүмкіндіктер» ассамблея жастарының I республикалық слеті өтеді. Аталмыш шара республиканың түкпір-түкпіріндегі «Ассамблея жастарының» басын қосады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.

    Айта кетейік, Алматы облысында 250 мыңнан астам жастар бар, олардың тек мыңы ғана «Ассамблея жастары» қатарында.

    «Іс — шараның басты ерекшелігі- қатысушы жастарға Алматы облысының тарихи көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік берілуінде. Біздің шараның Алматы қаласында орналасқан қазақ халқының кемеңгер тұлғаларының бірі, көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық мұражайынан басталуының символдық мәні бар. Менің ойымша, осы бірнеше күн ішінде біздің жастар ортақ тарихымыздың жаңа беттерін ашып, республикамыздың киелі жерлерімен таныса алады», — деп атап өтті «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев.

    Жастар слеті Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен 22 шілдеге дейін өтеді. Жобаға қатысушылар «Ассамблея жастары» ұйымын дамыту үшін өз идеяларын ортаға салып, талқылайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →