Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды •

    Шымкентте қамауға отырған адам суицид жасап көз жұмды

    Шымкентте қамауға алынған адам өзіне қол жұмсап көз жұмды, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпараттық агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық ҚАЖД мәліметінше, тергеу изоляторында ұсталған азамат өз-өзіне қол жұмсап, көп қан жоғалтудың салдарынан қайтыс болған.

    «1962 жылы туған ер адам бейнебақылау камераларына түсіп қалмас үшін үстін көрпемен жауып, тамырын қиып жіберген. Тергеу материалдарына сәйкес, суицид оқиғасы түнгі уақытта жасалған», — делінген хабарламада.

    Мекеме қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын қолданып, жедел жәрдем шақырған. Ведомство оқиғаның 20 сәуірде болғанын түсіндірді.

    «Жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның көп қан жоғалтудан көз жұмғанын анықтады. Аталған факті бойынша департаментте қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде қызметкерлер жауапкершілікке тартылды», — делінген ведомство хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →