Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты •

    Павлодар облысында мұғалім оқушыны тұншықтырған 

    Павлодар облысында ауыл мұғалімі оқушыны көпшіліктің көзінше тұншықтырып, ұрған. Оқушыға дөрекілік танытқан ұстаз үшін директорда жазаланды, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Павлодарлық пабликтердің бірінде Тереңкөл ауданының Береговое ауылындағы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін мұғалімге шағым айтылған. Шағымда 13 мамырда педагог Мәди Дәулетпаев оқушылардың көзінше басқа бір «оқушыны ұрып, итеріп және тұншықтыратын әдіс қолданғаны» жазылған. Сегізінші сынып оқушысының «тыныс алу реті бұзылып, тәрбие жөніндегі оқу меңгерушісі оны үйіне жеткізген».

    Тереңкөл аудандық білім бөлімі осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

    «13 мамырда спорт ойындарын жүргізу кезінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мәди Дәулетпаев ойын ережесін сақтамағаны үшін сегізінші сынып оқушысына ескерту жасаған. Оқушы ескертуге дөрекі жауап қатып, мұғалімді қолынан ұрып жіберген. М.Дәулетпаев оқушыны мойын тұсынан ұстап, өзіне қарай тартқан», — делінген хабарламада.

    Мектеп әкімшілігі оқушымен сұхбат жүргізілгенін хабарлады. Ата-ана мұғалімге ешқандай шағым түсірмеді. Дегенмен, мектептегі әдеп кеңесі мұғалімнің іс-әрекетін қарап, оған қатаң сөгіс жариялады. Ал мектеп директоры К.Ибраева білім бөлімінен қатаң сөгіс алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →