Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Соболенконың сенімсіздігі «негативтен» деп түсіндірді Рик Маччи • «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Соболенконың сенімсіздігі «негативтен» деп түсіндірді Рик Маччи • «Барыс» ҚХЛ көшбасшысы «Металлургпен» Астанада кездеседі: тікелей эфир 17:00-де • Қазақстан шахматшылары Азия ұлттары кубогінде жеңіске жетті • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты •

    Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан шығарылды — ІІМ

    Алматы облысы полиция департаметінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Күдебаев Серік Мырзақұлұлы атқарып отырған лауазымынан босатылып, Ішкі істер органдарынан шығарылды», — делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.

    Қаңтар оқиғасынан кейін Күдебаевтың орнына Арыстанғани Заппаров тағайындалды. ІІМ тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қараған. Нәтижесінде Алматы облысы ПД бастығының орынбасалары мен Талдықорған қалалық ПБ басшысы қызметінен босатылған еді. Одан бөлек екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша департаментінің басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →