Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? «Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

Қарағандыда сенбілік кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Қарағандыда сенбілік кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 9 сәуірде Киров полиция бөліміне қала көшелерінің бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Нәрестенің денесін сенбілік кезінде 26 жастағы қарағандылық тұрғын тауып алған. Сәбидің денесі гараждың артында пакет ішінде болған. Ұл баланың денесінен қандай да бір жарақат табылған жоқ», — делінген облыстық ПД хабарламасында.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Оқиға дерегі бойынша «Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіруі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына сауалнама жүргізіліп, жаңа туған нәрестенің анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика