Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? «Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

Жаңа Қазақстанды құруға өз күшімді саламын — Ақтоты Райымқұлова  

Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды. Ол Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақтоты Рахметоллақызының өзі хабарлады.

«Сіздермен бөлісер жақсы жаңалығым бар.Бүгіннен бастап еліміздің ең ірі концерттік ұйымы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының басшысы қызметіне кірістім. Өздеріңіз білетіндей, 60 жылдық тарихы бар бұл ұйым – қазақ музыкалық өнерінің қара шаңырағына айналған үлкен мекемелердің бірі. 2016 жылдан бері ұйымның бас кеңсесі елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында орналасқан. 2021 жылы ұйымға КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді. Қазақконцерт ұйымында еліміздің үздік әртістері мен шығармашылық ұжымдары бас қосқан. Қазақконцертте барлық музыкалық өнердің жанрлары ұсынылған: фольклор, классика, эстрада, мюзикл театры», — деді экс-министр

Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар. Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында бастаған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында түрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары МСМ Мәдениет және өнер істері департаментін басқарған. 2016 жылдың қазанынан бастап Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың маусым айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейін еліміздің Мәдениет және спорт министрі болды.

«Алдағы уақытта осы концерттік ұйымның және қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өз үлесімді қосып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес халық пен мәдениеттің арасында тікелей диалог орнатып, Жаңа Қазақстанды құруға өз күшімді саламын. Жалпы, музыка өнерін халыққа қолжетімді етіп, мәдениетті насихаттап жүрген «Қазақконцерт» ұйымы мен үшін жат орта емес. Сондықтан мәдениет саласындағы ұзақ жылғы тәжірибем де, шығармашылық қабілетім де осы мақсаттың жүзеге асырылуына бағытталады», — деді Райымқұлова.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика